ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/18/2026 1

РАНТ МҮШЕСІ СЫР ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Исламқұл Иманқұлұлы Қызылорда облысына арнайы сапармен келіп, бірқатар рухани-танымдық кездесулер өткізді.

Сапар барысында РАНТ мүшесі Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде жамағатқа «Сабырдың да сан қырлы сатылары бар» тақырыбында жұма уағызын айтты. Уағыз барысында сабырдың адам өміріндегі маңызы, қиындықтарға төзімділік таныту, көркем мінез бен рухани тұрақтылықты қалыптастыру жөнінде насихат айтылды.

Сонымен қатар Исламқұл Иманқұлұлы Шиелі эмен Байқоңырда да жергілікті жамағатпен кездесіп, діни сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесулердің негізгі мақсаты – аймақ тұрғындары арасында дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу, діни экстремизм мен терроризм идеологияларының алдын алу, сондай-ақ радикалды діни көзқарастардың таралуына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру.

Сапар аясында Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданындағы мешіт қызметкерлеріне де арнайы семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбы қозғалып, мешіт имамдарының жамағатпен қарым-қатынасы, насихат жүргізудің әдіс-тәсілдері, уағыздың мазмұны мен діни ақпаратты сауатты жеткізудің маңызы кеңінен түсіндірілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі