
Қызылорда қалалық «Мырқы қажы» мешітінде «Раббың үшін құрбан шал» атты қала мешіттері шәкірттері арасында білім жарысы өтті.
Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған сайыста қатысушылар екі кезең бойынша өзара бақ сынап, діни білімдері мен зеректіктерін ортаға салды.
Шарада Қызылорда қаласының бас имамы Берік Мәдиұлы сөз сөйлеп, білім ізденудің маңыздылығы жайында насихат айтты.
Сайыс барысында шәкірттерге фиқһтың құрбандық бабы бойынша түрлі діни сұрақтар қойылып, Құрбан айттың мәні мен құрбан шалудың тәртібі төңірегінде тапсырмалар берілді.
19 үміткердің ішінен оза шығып, үздік атанған жеңімпаздар дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
