
Қызылорда қалалық “Мүсірәлі ата” мешітінің ұйымдастыруымен “Құрбан айт – ұлық мереке” тақырыбында рухани кеш өтті.
Құран айттарымен басталған рухани жиынға Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы арнайы қатысып, ұлық мейрамның қадір-қасиеті жайында насихат айтты. Сонымен қатар, мешіт жанында білім алып жатқан бірқатар шәкіртті “Үлгілі шәкірт” номинациясымен марапаттап, демеушілердің қолдауымен қаржылай сый-сияпаттарын табыстады.
Сондай-ақ, кеш барысында Сыр елінің мақтанышы, жырау Марат Сүгірбайдың орындауында мінәжат жыр-термелер арналып, ғибратты әңгімелер айтылды.
Игі шара соғында дін жанашыры, белгілі кәсіпкер Марат Абайұлына, Жеңіс Кенішбекұлына облыс бас имамының атынан алғыс хат табысталып, құрмет көрсетілді. Ақсақалдар батасын беріп, дүниеден өткен ата-бабалар рухына Құран бағышталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

