ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/26/2025 163

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА БАЛАЛАРҒА ТӘТТІЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылдық мешітінде Республика күні қарсаңында жастарға тағылымды шара өткізілді.

Ақай мешітінің имамы жас шәкірттерді мерекемен құттықтап, тәуелсіздіктің қадірі, Отанды сүю тақырыбында сұхбат жүргізді.

“Отанды сүю иманнан. Әр адам үшін кіндік қаны тамып туып өскен, яғни өз отанынан қымбат жері жоқ. Қандай бір шет елде болса да сол бір шаң басқан, қаңбағы желмен қаңғырған туған жерін сағынады да тұрады. Отанымыздың ұлтарақтай ғана жері үшін қаһарман ата-бабаларымыз қасық қаны тамғанша күресіп, бізге мирас етіп қалдырды. Сондықтан барлығымыз ата-бабаларымыздан мирас етіп қалдырған жерді аманат деп, көздің қарашығындай сақтау баршамыздың борышымыз. Әр адамға өз отанын қорғау, оны сақтау парыз екен” деді Ақай мешітінің имамы.