
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Уақып» қорының қайырымдылық бастамаларына шиелілік кәсіпкерлер қолдау көрсетуде.
Нақтырақ айтар болсақ, қордың өңірдегі жауапты өкілі Оңталап Жидебайұлы Шиелі кентінде орналасқан “Дәмді” отбасылық мейрамханасының иелері Дінмұхаммед Асқарбекұлы мен Ержан Нұрланұлына, “ForMen” ерлер киімі дүкенінің иесі Олжас Оразбекұлына , “Ақсәуле” кеңсе тауарлары дүкенінің иесі Сағындық Тынысбекұлына уақыпнама табыстап, игі іске қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
Кәсіпкерлер өзіне тиесілі кәсіптерінен түскен таза табысынан белгілі бір үлесті тұрақты түрде қайырымдылыққа арнауға ниет білдірді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


7