ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қалалық “Әл-Уәли” мешітінде қала мешіттері арасында “Мінсіз Мұхаммед”атты кітап бойынша білім сайысы өтті. Аталмыш сайысқа 16 мешіт қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – тестілеу, екінші кезең – билет сұрақтарына ауызша жауап беру.
Аталмыш сайыста “Ақмешіт-Сырдария” мешітінің найб имамы Абдулла Нұрсұлтан, “Ақмешіт-Сырдария” мешітінің наиб имамы Бекмағанбет Беккожа, “Нұр” мешітінің ұстазы Измағанбет Наурыз төрелік етті.
Жүлделі орынды келесі мешіттер иеленді:
1 орын: “Мырқы Қажы” мешіті – Маратұлы Әли
2 орын: “Ақмешіт-Сырдария” мешіті – Мустафин Тимур
3 орын: “Хазрет Әли” мешіті – Абылайұлы Батыржан
Жарысқа қатысқан қатысушылармен жүлде иелеріне бағалы сыйлықтар табысталды. Шараға демеушілік танытқан кісілерге үлкен алғысымызды білдіреміз!

99