ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/10/2026 3

СЫР ИМАМДАРЫНА «ИХСАН ІЛІМІ» БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлының қатысуымен Қызылорда облысының имамдарына арналған «Ихсан ілімі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Шарада ихсан ілімінің мәні мен маңызы, имамның рухани кемелденуі, көркем мінез бен ықыласты қалыптастыру, діни қызметтегі жауапкершілік мәселелері кеңінен қамтылды.
Сонымен қатар, дін қызметкерлерінің күнделікті қызметінде ихсан қағидаттарын басшылыққа алуы, жамағатпен қарым-қатынаста әдеп пен ізгілікті сақтау жайында түсіндірмелер берілді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі