
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Данияр Кенжалин сыр имамдарына «Иман ұғымы және шарттары» тақырыбында семинар өткізді.
Шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ дін қызметкерлерінің діни білімін жетілдіріп, кәсіби біліктілігін арттыру жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Жиын барысында иманның ислам дініндегі орны мен маңызы, оның негізгі шарттары, сенім негіздерін дұрыс түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру мәселелері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар, қоғамда дәстүрлі діни танымды қалыптастыру, сенім мәселелерінде дұрыс бағыт-бағдар беру және теріс діни көзқарастардың алдын алу бағытында түсіндірмелер берілді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

3