ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/30/2025 39

СЫР ИМАМДАРЫНЫҢ ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Сыр имамдарының Құрбан айтқа дайындық жиыны өтті.
Жиынға Қызылорда қаласында орналасқан мешіттердің имамдары офлайн, Байқоңыр қаласының және жеті аудандық мешіттердің бас имамдары онлайн қатысты.
Өкіл имам Дастан Жанасұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмаларымен таныстырып, Құрбан айт мейрамын жалпыхалықтық деңгейде атап өту мақсатында мерекелік шаралар ұйымдастыруды, https://qurban.muftyat.kz/ сайты арқылы онлайн және офлайн форматта өтетін құрбан шалу рәсіміне арналған мал сою орындарын тазалық талаптарына сай дайындауды, арнайы штаб құрып, құрбан шалу рәсімінің шариғат талаптарына сай орындалуын, құрбан еттерінің мұқтаждарға дер кезінде жеткізілуін қадағалауды тапсырды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі