ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған семинар-тренинг өтті.
“Татулық пен тәрбие” тақырыбында отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткен шарада облыстағы “Әйел-қыздар” секторының жетекшісі Ләззат Сыдықова “Отбасы құндылығы” төңірегінде сөз сөйлесе, қалалық “Алдажар Жәме” мешітінің ұстазы Сман Муслима “Қыз тәрбиесі” туралы баяндама жасады. Сонымен қатар,сектор жанындағы “Асыл аналар” тобының жетекшісі, қырық жылдық тәжірибесі бар ұстаз, өнегелі ене, Қымбат Исақызы ене мен келіннің қарым-қатынасына тоқталып өтті.
Семинар соңында баяндамашыларға сауалдар қойылып, тағлымды сұқбатқа ұласты. Қатысушылар өзара пікір алмасып, ақ жаулықты әже-аналар өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі