
Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікәрімұлы Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде жергілікті жамағатқа уағыз-насихат жүргізді.
Кездесу барысында исламдағы уақып ұғымының мәні мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Уақып – белгілі бір мүлікті немесе қаржыны Алла разылығы үшін қайырымдылыққа арнап, оның игілігін қоғамның ортақ қажетіне тұрақты түрде жарату амалы екені айтылды. Бұл – садақа жария, яғни тоқтамайтын сауап көзі.
Сонымен қатар, уақыптың тарихта мешіт, медресе, аурухана, жол-көпір, кітапхана сынды халыққа қажетті нысандардың салынуына негіз болғаны атап өтілді. Уақып – ұрпақтар игілігіне қызмет ететін, қоғамның рухани әрі әлеуметтік дамуына үлес қосатын сауапты іс екені жамағат назарына ұсынылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

2