ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
01/31/2026 2

«УАҚЫП» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікәрімұлы Сыр өңіріндегі іссапар аясында жергілікті кәсіпкерлермен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында қордың жұмысы мен мақсаты таныстырылды. Сондай-ақ, бірқатар жобаларды жүзеге асыру және кәсіпкерлермен өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланып, өңірде уақып қорына қатысты бастамаларды кеңейту жолдары сөз болды.
Қор директоры алдағы уақытта бірлескен жобалар арқылы әлеуметтік қолдауды күшейтуге ниетті екендерін жеткізді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі