Қызылордада «Уағыз-насихат айтудың тәртіптік ережесі» құжаты бойынша имамдарға арналған семинр өтті.
Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен біліктілікті арттыру семинарында ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің және РАНТ мүшесі, «Балаби қари» Құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбаев «Уағыз-насихат айтудың тәртіптік ережесі» құжатын таныстырып, дәріс оқыды.
Айта кетейік, аталмыш құжат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен ІІ Республикалық уағызшылар форумында қабылданған болатын.
ҚМДБ Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі