ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/03/2025 68

ВОЛЕЙБОЛДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің ұйымдастыруымен «Бірлігі бекем жамағат» ұранымен волейболдан ашық турнир өтті.
Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, аймақтың бас имамы Дастан Жанасұлы арнайы қатысып, жамағат арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, өзара ауызбіршілік пен ынтымақтастықты арттыру бағытында мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Турнирге қала мешіттерінің жамағатынан жасақталған 15 команда қатысып, өзара үздіктерді анықтады.
Жарыс нәтижесінде:
• І орын – «Әлі Арыстан» командасы (жүлде қоры: 70 000 теңге);
• ІІ орын – «Төлен ата» командасы (50 000 теңге);
• ІІІ орын – «Ыбрайым молда» командасы (30 000 теңге) иеленді.
ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі