Бүгінгі қасиетті жұма күні облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы қазақ күресінен өткен V республикалық турнирдің қола жүлдегері – жерлесіміз М.Исағабыловқа Сыр жұртшылығы атынан алғыс білдірді.
Айта кетейік, Исағабылов Мақсат а.ж. 28-қазан күні Астана қаласында өткізілген тартысты додада облыс атынан қатысып, 39 палуанның ішінен жүлделі үшінші орынға ие болған еді. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер» демекші, Өкіл имам палуанымызға өкілдік тарапынан тағайындалған «алғысын» табыстап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.
«Құрметті Мақсат Аманбайұлы!
Қазақ күресінен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жүлдесі үшін ұйымдастырылған V республикалық турнирде аймақ намысын қорғап, абыройын асқақтатқаныңыз үшін алғыс білдіремін!
Алла Тағала деніңізге саулық, отбасыңызға амандық берсін!
Спорттық мансабыңызға толағай табыс тілеймін!»-делінген «алғыс» мәтінінде.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі



270