
Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!
Сіздерді мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – ізгілік пен мейірімнің, татулық пен бауырмалдықтың, қайырымдылық пен рухани тазалықтың мерекесі. Бұл күндері адамдар бір-біріне жанашырлық танытып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, ынтымақ пен бірлікті нығайта түседі.
Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Ұлық мереке баршаңызға қуаныш пен шаттық сыйлап, игі бастамаларыңызға береке әкелсін!
Алла Тағала жасаған ізгі амалдарыңызды қабыл етіп, елімізге тыныштық пен тұрақтылық нәсіп етсін!
Құрметпен,
Дастан Жанасұлы Құрманбаев