ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/18/2026 1

Қызылордада 2000 түп сексеуіл отырғызылды

Қызылордада «Аралды қайта жаңғырту» V республикалық экологиялық еріктілер форумы жалғасын тауып, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қайырымдылық жаршылары» (QJ) еріктілері, имамдар мен Қызылорда облысының жастар ісі секторы бірге Арал өңіріне аттанды.
Шара аясында алдымен Арал ауданы, Қаратерең ауылындағы «Мәмбетәлі ахун» атындағы мешіттің ауласына сексеуіл дәндері егілді. Кейін еліміздің 20 облысынан жиналған еріктілер мен белсенді жастар құрғағар теңіз ұлтанына барып, 2 000 түп сексеуіл отырғызды.
Бұл — бастама аясындағы бесінші сапар. Осы уақытқа дейін теңіз табанына барлығы 17 000 түп сексеуіл егілген.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі