ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/10/2026 3

ҚЫЗЫЛОРДАДА ДӘСТҮРЛІ ДІНИ ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел өтті.
Басқосуға ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Данияр Айтбайұлы, облыстық дін істері басқармасы басшысының орынбасары Серік Мәжитұлы, журналист, этнограф-дәстүртанушы, қоғам белсендісі Сәкен Мінуарұлы, Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы, аудан-қала имамдары, мешіт ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер, теолог-дінтанушылар және сала мамандары қатысты.
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы негізінде ұйымдастырылған жиында дәстүрлі діни танымның ерекшеліктері, ұлттық салт-дәстүрлер мен ислам құндылықтарының өзара үйлесімі, діни тұрақтылықты сақтау және өскелең ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен сөз болды. Қатысушылар тақырып аясында баяндамалар жасап, тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі