ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/24/2026 6

ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ХАЛАЛ САЛАСЫНЫҢ МАМАНЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қызылорда қаласында өткен «QMDB HALAL» халал өнімдер жәрмеңкесі аясында кәсіпорындарға халал куәліктері табысталып, сала маманы марапатталды.
Іс-шара барысында «Doner King» тамақтану орны мен «Ainur’s» кәсіпорнына «QMDB HALAL» куәлігі берілді. Бұл – аталған кәсіпорындардың халал талаптарына сәйкестігін растайтын құжат.
«Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының Қызылорда облысы бойынша жауапты өкілі Перизат Жандылдақызы «Үздік маман» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ орталық директорының алғыс хаты табысталды.
Соны ен қатар, халал индустриясының дамуына қосқан үлесі үшін жәрмеңкеге қатысушы кәсіпорындарға да Айбек Асқарбекұлының мадақтамасы табысталып, халық алдында құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, «QMDB HALAL» халал өнімдер жәрмеңкесі Республика күніне орай алғаш рет Қызылорда қаласында ұйымдастырылып, оған Қазақстанның сегіз өңірінен және Қытай, Өзбекстан мен Қырғызстаннан отыздан астам кәсіпорын қатысты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі