ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
06/06/2025 15

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫ АТАП ӨТІЛДІ

Ислам әлемінің ең ұлық мейрамдарының бірі – Құрбан айт Сыр өңірінде жоғары деңгейде тойланды.
Қасиетті күні аймақ мешіттеріне жиылған жұртшылық имамдардың әсерлі уағыз-насихатын тыңдап, ел бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасады.
Облыс бойынша айт намазына 20 мыңнан астам адам қатысты. Белсенді жамағат ұлттық ойын түрлерінен ұйымдастырылған спорттық сайыстарға қатысып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар балаларға айттық сыйы ретінде тәттілер тарту етілді.
Игі шаралардан кейін арнайы бекітілген қасапханаларда «Раббың үшін құрбан шал» жобасы бойынша құрбан шалу рәсімдері бастау алды.
ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі