ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/04/2026 10

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда қаласында «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы ардагерлер рөлі» тақырыбында тағылымды жиын өтті.
Жиынға ардагерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында еңбек және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары баяндамалар жасап, ұлттық тәрбие, рухани құндылықтар және қоғамдағы ардагерлердің рөлі жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы дін мен дәстүр сабақтастығына тоқталып, діни тұрғыдан сараптамалық пікір білдірді. «Құдай ас – жарыс емес, сауап», «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыптарындағы баяндамасында ас беру мен той өткізу мәдениетінің шариғат талаптарына сәйкестігін түсіндіріп, жат ағымдардың алдын алу жолдарына назар аударды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі