ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/10/2026 3

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ХАНЫМДАР АРАСЫНДА «ІЛІМ БӘЙГЕСІ» ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ілім бәйгесі» рухани білім фестивалі өтті.
Шараның басты мақсаты – қыз-келіншектердің діни сауаттылығын арттыру, алған білімдерін жүйелеу. Сонымен қатар, шәкірттер арасындағы білім алмасуды нығайтып, рухани ізденіске, ізгі амалдарға және көркем мінезге баулу көзделді.
Білім сайысы бірнеше кезең бойынша өтіп, қатысушылар Құран оқу, фиқһ, ислам тарихы және жалпы діни білім бағыттарында өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.
Бәйге қорытындысы бойынша:
I орын – «Алдажар жәме» мешітінің шәкірттері;
ІІ орын – «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің шәкірттері;
ІІІ орын – «Айтбай» мешітінің шәкірттері жоғары нәтиже көрсетті.
Жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен және арнайы номинациялармен марапатталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі