
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының құрылғанына 10 жыл толуына орай мерекелік марапаттау кеші өтті.
Салтанатты жиынға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, діни бағыттажәне рухани ағарту саласында қажырлы еңбек етіп жүрген ұстаздарға құрмет көрсетті.
Бас мүфти сектордың он жыл ішіндегі атқарған ауқымды жұмыстарына тоқталып, бүгінде еліміздің 20 өңіріндегі мешіттерде 293-ке жуық әйел ұстаз қызмет атқарып, әйел жамағатының діни сауатын арттыруға үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Мерейтой аясында елміздің руханияты мен діни ағарту саласына сүбелі үлес қосқан бірқатар ұстаз ҚМДБ-ның арнайы медалімен марапатталды. Қуанышты жаңалықтардың қатарында Қызылорда облысы бойынша жауапты жетекшісі Ләззат Ахметқызы да бар.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

2