
Астана қаласындағы «Нұр-Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық «Dintellect» білім сайысы өз мәресіне жетті.
Еліміздің 20 өңірінен келген білікті ұстаздар бақ сынаған тартысты додада қызылордалық ұстаздар өнер көрсеткен «Нұрлы сана» командасы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, 100 000 теңге қаржылай сыйақыға ие болды!
Жеңімпаздарды ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы құттықтап, марапаттарын табыстады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


2