ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/22/2021 730

ЖАЛҒАСЫН ТАПҚАН ЖЫЛУЛЫҚ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жаңақорған аудандық мешіті, Жастар ісі секторы және  аудандағы “ЖЖЖ” ерікті жастарының жақсылық жолында жарысуда.
Әрдайым игі істің баснынан табылатын ауданның жомарт жастары бұл жолы мұқтаж жанұяларға көмір түсіріп, азық-түлік қоржынын таратты.
Әуелі ерікті жастар ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Махмұтұлының батасын алып, “Синойл” жанар-жағармай бекеті маңында құрбандық шалды. Құрбандық етін жоқ-жітікке үлестіріп, тұрмысы төмен отбасыларға жылулық сыйлады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі