
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған «Qazaq Alemi 2» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті.
Игі шараға балалармен бірге Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы, сондай-ақ қоғам белсенділері мен сала өкілдері қатысты. Кездесу барысында жас көрермендерге ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, рухани-тәлімдік мәні зор туынды ұсынылды.
Фильм арқылы өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, адамгершілік, бірлік пен бауырмалдық секілді асыл қасиеттерді насихаттау көзделді. Шара барысында балалар жылы әсер алып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Шара соңында басқосу «Кәусар» кафесінде жалғасын тауып, қоғам белсенділері балаларға естелік сыйлықтар табыстап, ақжарма тілектерін білдірді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

3