ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/05/2025 76

Жастар руханият – шамшырағы

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде “СҰХБАТ ТІМЕ” жобасы аясында “Жастар руханият – шамшырағы” атты кездесу өткізілді.
Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына салауатты өмір сүру, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, зиянды әрекеттерден аулақ болуды жастар арасында насихаттау мақсатында өткізілген кездесуге Нұралы мешітінің имамы Рүстем Айтбайұлы арнайы қатысты.
Кездесуде Ашықбай Аралкүл Әскербекқызы – Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасы, ШЖХА-шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, “Шипагер” дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі,
Бегалиева Махаббат Төлепбергенқызы – Қазалы ауданының полиция бөлімі, Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің, Ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры, Ізмағанбетов Бауыржан Тәңірбергенұлы- Қазалы қаласы әкімі аппаратының “Қалалық мәдениет Үйі”МКҚК-ның директоры қатысты.
Қазалы аграрлы-техникалық колледжі студенттері көрініс көрсетіп, жастар түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдірді.