ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/14/2025 77

Жастар – руханият шамшырағы

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Шиелі аудандық орталық мешітінің наиб имамы Ерасыл Мұхаммедиярұлы ауданның белсенді жастарымен дөңгелек үстел өткізді.
«Жастар – руханият шамшырағы» атты жиында қоғамдағы өзекті болған вандализм , зорлық-зомбылық , алаяқтық және экстремизмнің алдын алу секілді тақырыптар қозғалды.
«Еліміздің егемендігі мен тыныштығын сақтап қаламыз десек, жастардың білімді әрі иманды болмағы маңызды. Сауатты жас буынның иманды болуы қоғамның тыныштығына, ізгілік пен әділеттің салтанат құруына жол бастайды. Ал бұл өз кезегінде зиянды әдеттерден аулақ болу, оған мүлдем жоламау арқылы көрініс табады» дейді Ерасыл Мұхаммедиярұлы.