
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Жастар және қоғам» тақырыбында тағылымды семинар өтті.
Жиынға арнайы қатысқан Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы имандылық пен ізгілік, жастар тәрбиесі, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі және діндар адамның қоғаммен қарым-қатынасы сынды маңызды тақырыптарды кеңінен тарқатып, өнегелі насихат айтты.
Семинар барысында жиналған жамағат көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алып, пікір алмасты.
Шара соңында Қызылорда облысы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Сыдықова Ләззат ұстаз сөз сөйлеп, осындай рухани-танымдық кездесулердің маңыздылығына тоқталып өтті.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


1