📝 Әбу Умамәдан (р.а) жеткен хадисте, сахаба Әбу Зәр әл-Ғифари былай дейді:
«Мен пайғамбардан: «Я расулаллаһ! Ең алғашқы пайғамбар кім болған?» деп сұрадым. Пайғамбарымыз (с.а.с): «Адам (а.с)» деп жауап қайырды. «Ол кісі де пайғамбар болған ба?» деп сұрадым. Ол (с.а.с) «әрине, ол толық пайғамбар болған» деді.
Тағы да: «Уа, Алланың елшісі! Пайғамбарлардың саны қанша болған?» деп сұрадым. Ол кісі: «124 мың» деп жауап берді…» (Имам Ахмад) деп пайғамбарлар саны жайлы жеткізген.
⠀
💡Алайда, Құранда нақты олардың 25-ғана есімі аталады. (Одан, бөлек тағы үш есім аталған. Оны кейбір ғалымдар пайғамбарлар десе, енді бірі әулиелер деген көзқарасты айтқан).
⠀
Ғалымдарымыз мұның сырын, яғни тек 25 қана пайғамбардың кей сәттері ғана баяндалғанын былай түсіндіреді. Құранда пайғамбарлардың ішінен біздерге ғибратты, өміріміз бен ақыретімізге пайдасы мол болған қиссаларды ғана баяндап, біздің замандарда ғибрат ретінде жарамайтын, немесе қиссалары баяндалмаған пайғамбарлардың кезіндегі халқына ғана үлгі болар өнегелер болғандықтан Құран мен хадистерде кейбір пайғамбарлардың қиссалары баяндалмаған дейді. Демек, Құранда біздерге ең маңызды болған қиссалар ғана сөз етілген.
Құранда:
📖 «Саған бұрынғы пайғамбарларды баян қылдық, сондай-ақ пайғамбарлардың саған баян етпегеніміз де бар…» (Ниса, 164-аят)- деп жүз мыңдаған пайғамбарлардың кейбірі ғана аяттарда баяндалғаны айтылады.
⠀
Басқа бір аятта:
📖 «(Ей, Мұхаммед!) Бұл Құранды саған жіберу арқылы өзіңе қиссалардың ең жақсысын баяндаймыз» (Жүсіп, 3-аят)- десе, енді бір аятта:
📖 «Әрине пайғамбарлардың қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге бар» (Жүсіп, 111-аят)- дейді. Және бір аятта:
📖 «Пайғамбарлар жөніндегі хабарларды көңіліңді орнықтыру үшін саған баян етеміз. Мұның ішінде саған ақиқат және мүміндерге қаратылған уағыз-насихат, ғибраттар келтіріледі» (Һуд, 120-аят) – дейді.
⠀
💡 Құранның 3/1 бөлігін пайғамбарлар қиссалары қамтиды.
⠀
Демек, Пайғамбарлар жайлы білу, Құранның 3/1-н жетік түсіне аламыз деген сөз. Әрі жоғарыда аятта айтылғандай ғибратқа толы қиссалардан “Көңіліңді орнықтыратындай” өнегелер үйренеміз.