⠀
Тағы да имам ас-Суютидің кітабынан…
⠀
Кітапта “Өлімді ойлау және оған қам жасау” деген тақырып бар. Тақырып пайғамбардың (с.а.у.) “Рақат-ләззаттарды жоятын өлімді жиі ойлаңдар” деген хадисінен бастау алады. Сонымен қатар, имам ас-Суюти “Ақылды адам – өз-өзіне есеп беріп, өлімнен кейінгіге қам жасаған адам” деген хадисті де келтіреді.
⠀
📌 Өлімді ойлаудың пайдасы:
⠀
1. Бейқамдықтан, ғапылдықтан арылтады.
⠀
Егер адам өлімді, өлетінін жиі ойламаса, өзіне де, өзгеге де көп зұлымдық жасайды. Өйткені, өлетінін естен шығару – ертең Алла Тағалаға есеп беретінін естен шығару деген сөз.
⠀
📗 Пайғамбары (с.а.у.) сахабалардың әрекетінен бейқамдықтың, ғапылдықтың белгілерін байқаса, өлімді естеріне салатын болған. (Байхақи)
⠀
2. Қанағат, сабыр сыйлайды.
⠀
📗 Пайғамбар (с.а.у.) бір сахабаға: “Өлімді жиі ойласаң, оның қасында басқа қиыншылықтар оңай болып қалады”, – деп өсиет айтқан. (Әбу Нуғайм)
⠀
3. Көре алмаушылықтан құтқарады.
⠀
Ража ибн Хайуа: “Кімде-кім өлімді жиі ойласа, көре алмаушылықтан арылады”, – деген. (Әбу Нуғайм)
⠀
📌 Өлімді ойламаудың зияны:
⠀
📗 Ғалымдар айтады: “Кімде-кім өлімді жиі ойласа, оның үш түрлі пайдасын көреді: 1) тезірек тәубе етеді, 2) жүрегі қанағатқа толады, 3) ғибадатқа ынта-жігері артады. Ал кімде-кім өлімді ұмытса, оның үш түрлі зиянын шегеді: 1) тәубені кешіктіреді, 2) жеткілікті ризық-несібені қанағат тұтпайды, 3) ғибадатқа жалқаулық танытады”. (Қуртуби)
⠀
📌 Өлімге қам жасау.
⠀
Оны, Құдай қаласа, ертең жазамыз…