Наиб имам: Маткаримов Жеңіс Әбибуллаұлы
Маткаримов Жеңіс Әбибуллаұлы
Туған күні: 09.05.1985ж. Туған жері: ОҚО, Мақтаарал ауд., Жетісай қ. Ұлты: Қазақ.
Мекенжайы: Алматы қ., Әуезов ауд., Тұрғыт Өзалы к-сі 49, 50 үй. Телефоны: 8 702 117 73 70
Мамандығы: Араб тілінің оқытушысы, Исламтанушы, Имам Хатиб, оператор ІВМ РС.
Білімі: Жоғары.
1992-2001жж. ОҚО Мақтаарал ауданы, Жетісай өңірінде қазіргі «Мұстафа Шоқай» атындағы – №51 (бұрынға «Тоғамбай Қауымбаев» атындаға – №71) орта мектебін тамамдаған.
2001-2005жж. Алматы қаласындағы «Нұр-Мубарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде, Араб тілін оқытушы, Исламтанушы, және Имам хатиб – мамандықтарымен бітірген.
2006-2007жж. Египет Араб Республикасындағы «Әл-Азһар» университетінің алғашқы үш жылдығының үшінші жылын тамамдаған.
2007-2008жж. Египет Араб Республикасындағы «Ислам ілімдерін жетілдіру институты» – «Шариғат және заң» факультетінде магистратураның 1 жылдығын бітірген.
Еңбек жолы: 2005ж – Алматы облысы, Алакөл аудандық Үшарал қаласындағы “Қабанбай” мешітінде төрт ай шамасында Нәиб имамдық қызметін атқарған. (Ілімді жетілдіру мақсатында бұл жерде азғана жұмыс жасап, Мысырға оқуға аттанған).
2006-2007жж. Египет Араб Республикасындағы Қазақстанның Елшілігінде коменданттық қызметін атқарған.
2007-2008жж. Аталмыш Елшілікте Консулдың көмекшісі қызметін атқарған.
2008-2009жж. – “Мұсылман” баспа үйінде Көркемдеуші қызметін атқарған.
2009-2010жж . Аталмыш баспа үйде “Мұсылман” журналының жауапты хатшысы және техниуалық редакторы болып қызмет еткен.
2010-2011жж. «Мұсылман» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарған.
2009-2015 жж. Ғаламторда бірнеше мешіттердің ресми сайттарының админі.
2012-2015 жж. Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайт бөлім меңгерушісі.
2014-2017 жж. Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ұстаздық қызметін атқарған.
12.11.2019 ж. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы қызметін атқаруда.
Еңбектері: «Ата-ананың қадірі», «Араб тілі жазу дәптері», «Ата-анаңды сыйлай біл» (балаларға арналған), «Тәжуид қағидалары» атты кітаптары және Республикалық газеттер мен түрлі журналдарға және «Иман» журнлы мен «Ислам өркениеті» газеті, сондай-ақ, ҚМДБ-ның ресми (www.muftyat.kz) сайтына да көптеген мақалалары жарық көрген.
Арнайы білімі: Қазақ, Өзбек, Орыс, Араб тілдерін еркін, Ағылшын тілін сөздікпен меңгерген.
Компьютерде: Microsoft office-тің барлық түрлерін, Photoshop, Corel Draw, InDesign сияқты бірнеше графикалық бағдарламалар және website яғни ғаламтор сайттарын жасау мен басқару т.б бағдарламалар бойынша жұмыс тәжірибесі бар.
Отбасылық жағдайы: Үйленген. 3 – қыз, 1 ұлы бар.