ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/27/2022 500

«10 ҚҰРАН ХАТЫМ» ЖАСАЛДЫ

Қызылорда қалалық «Нұр» орталық мешітінде қала мешіттерінің жамағаты бас қосып, «10 ҚҰРАН ХАТЫМ» шарасы өтті.
Мәуләт айына сәйкес келген кезекті рухани жиында Құран хатым дұғасы жасалып, ардақты Пайғамбарымыздың рухына және дүниеден озған марқұмдардың рухтарына  бағыштады. Қатысушылар еліміздің берекеті мен тыныштығын тіледі.
Айта кетейік, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық “Нұр” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен ай сайын «10 ҚҰРАН ХАТЫМ» түсіру үрдісі жолға қойылған болатын. Дәстүрге айналған бұл шараға  тәжуид курсын бітіріп, Құран оқуға түскен мешіт шәкірттері қатыса алады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.