ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/28/2023 9

АРАЛДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІНЕ МЕКТЕП СӨМКЕСІ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен Қызылорда облысы, Арал аудандық Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен “Мектепке жол акциясы өтті.
Нақтырақ айтар болсақ, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен бастау алған «Шәкіртке демеу – ғылымға үлес» жобасы аясында ағылшын тілін тегін меңгеріп жатқан аралдық оқушылардың арасындағы үздік шәкірттерше оқу-құралдары табысталды.
айта кетейік, өткен жылдың қараша айында басталған тіл үйрену курсына қатысатын 10 баланың оқу ақысын төлеуге қор демеушілік етуде. Курс аптасына үш мәрте бір сағаттан өтеді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі