ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/05/2023 335

НҰРСҰЛТАН ҰСТАЗ СЫР ӨҢІРІНІҢ БАС МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

Елімізге белгілі ұстаз, исламтанушы Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы Сыр жұртшылығымен кездесуде.
Қызылордаға арнайы келген Нұрсұлтан ұстаз алдымен облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінде қала жамағатымен кездесіп, “Пайғамбар өмірінен өнеге” тақырыбында уағыз айтты.
Сыйымдылығы 2500-3000 адам болатын облыстың бас мешітіне жиылған адам санынан көз жаңылады. Мешітте ине шаншар орын қалмай, көпшілігі, күннің салқындығына қарамастан, мешіт ауласында отырды.
Жастардың да, орта буын өкілдері мен қарттардың да жүрегінен орын таба білген дін уағызшысына деген Сыр халқының ықыласы мен ризашылығы ерекше екенін осыдан-ақ байқауға болады.
Себебі барлығы дерлік ұстаздың насихатын тыңдап, Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмір тарихына негізделген әсерлі уағыз-дәрістерінен сусындағысы келеді.
Айта кетейік, сапар кестесіне сәйкес, Байқоңыр қаласы және Арал, Қазалы аудандарында да жергілікті тұрғындармен жүздесуі жоспарлануда.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі