Қазалыда қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай ұйымдастырылған аудандық «Салауат байрағы» жарысының жеңімпаздары анықталды.
Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі мәуліт кешінде өтті. Айтулы шараға Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы және аудандық ардагерлер төрағасы Бекбанов Оразғали ақсақал, Әйтеке би кентінде орналасқан мешіттердің жамағаты қатысты.
Бұдан бөлек рухани жиында Құран аяттары оқылып, Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесі жайлы уағыз бен мәуліт жыры, терме айтылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі