ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/11/2019 210

145-ПӘТЕР КІЛТІ ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ОТБАСЫҒА ТАБЫСТАЛДЫ

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының «Ел үлесі пәтерге» республикалық жобасы аясында №145-ші пәтер кілті Қармақшылық отбасыға бұйырды.

Мүбарак Мәуліт айының құрметіне орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қармақшы аудандық “Қармақшы ата” мешітінің ұйымдастыруымен өткен рухани кеште «Зекет» қайырымдылық қорының облыстағы жауапты өкілі О.Жидебаев аудан халқының алдында Қаракөзиевтер отбасына пәтер кілтін табыстады.

Сыйға берілген 6 бөлмелі пәтер Қармақшы ауданының демеуші кәсіпкерлері, мешіт жамағаттары және 1971ж. дүниеге келген жанашыр азаматтардың қолдауымен сатып алынған.

Айта кетейік, бұған дейін аталмыш жоба аясында аудан бойынша 3 пәтер табыс етіліп, жалпы алғанда 4 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы баспаналы болу қуанышына бөленіп отыр.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі