ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/06/2024 5

200 СТУДЕНТКЕ АУЫЗАШАР ДАСТАРҚАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық “Мүсірәлі ата” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен 200 студентке ауызашар берілді.

Нақтырақ айтар болсақ, қасиетті Рамазан айында Болашақ университетінің білімгерлеріне ауызшар дастарқаны жайылып, рухани басқосу ұйымдастырылды.

Ақ дастарқан басында жастармен өткен кездесуде сектор жетекшісі Айтжан Мұсаұлы берекелі айдың қадір-қасиеті, білім алу, уақытты тиімді пайдалану секілді тақырыптарда насихат айтты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі