ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/13/2019 256

Қасиетті Құрбан айт мерекесі Сыр өңірінде

Мейірімділік пен қамқорлықтың жаршысы Ұлық мейрам – Қасиетті Құрбан айт мерекесі Сыр мешіттерінде жоғары деңгейде аталып өтті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, бас имам Болатбек Ұласқанұлы облыстық мешітте Айт намазын оқуға жиылған жамағатқа уағыз айтып, барша халықты құттықтады.

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне айт намазын оқуға келген барша жамағат намаздан кейін республикалық «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында кезекті мұқтаж отбасының баспаналы болған қуанышына куә болды.

Бұдан кейін мешіт алдында тігілген қазақы үйлердің мерекелік дастарқанынан дәм татып, аға буын боз кілемде күш сынасқан палуандардың тартысты күресін тамашаласа, жастар жағы «қол күрес», «арқан тарту» секілді ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті. Ал өңірдегі «Жастар секторы» балаларды өкілдік тарапынан дайындалған мерекелік базарлықтарымен қуантты.

Жалпы облыс бойынша барлық мешітте жоғары деңгейде аталып өткен Құрбан айт мейрамы Сыр халқын қуанышқа бөледі.