ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/23/2019 265

Қазалы: Білімді мыңды жығады

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қазалы аудандық “Жанқожа батыр” орталық мешітінің ұйымдастыруымен “Білімді мыңды жығады!” атты топтық білім сайысы болып өтті.

Шараға ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы, ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының Қызылордадағы жауапты өкілі О.Жидебаев, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы, қари Ш.Садуов қатысып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Шәкірттер арасында өткізілген интеллектуалды жарысқа аудандағы бес мешіттің шәкірттері қатысып, білімдерін ортаға салды.

І-«Ақида», ІІ-«Фиқһ», ІІІ-«Сира» кезеңдері бойынша сайысқан командалық ойында  әділқазылар алқасының бағалауына сәйкес, жүлделі І-ші орынды “Нұралы” мешітінің намысын қорғаушы топ қанжығасына байласа, ІІ және ІІІ-орындар “Қожаназар ишан” мен “Жанқожа батыр” мешіттерінің шәкірттеріне бұйырды.

Тартысқа толы жарыс соңында жеңімпаздар қаржылай сыйақылармен марапатталып, қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.