ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/03/2019 328

Сыр имамдары Республикалық форумға үн қосты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Сыр имамдарының алқалы жиыны өтті.  

«Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарға байланысты өткен алқалы жиында алғы сөзін Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының:

«Сана түзелсе – адам түзеледі. Адам түзелсе – қоғам түзеледі. Рухы биік сана – барша жамандықтың қалқаны. Біз осы бағытта жұдырықтай жұмылып, көбірек жұмыс істеуіміз керек», – деген үндеуімен бастаған облыстағы бас имам Болатбек Ұласқанұлы форумға қатысты пікірін білдіріп, рухани тұтастығымызды арттыратын игі шара екенін атап өтті.

Жиын барысында «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы, «ҚМДБ атқаратын діни рәсімдер тізілімі» және «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі» құжаттары бойынша ҚМДб-ның Сыр өңіріндегі бас имамы Б.Абуов, қалалық «Сұлтан» мештінің бас имамы Қ.Отызбаев, «Нұр» мешітінің бас имамы аталмыш құжаттарды таныстырып баяндама жасады. Баяндамашылардың тыңдаған соң, Жаңақорған аудандық орталық мешітінің бас имамы С.Омаров, қалалық «Қалмұхаммед ишан» мешітінің бас имамы Д.Ырысбай, «Әл-Уәли» мешітінің бас имамы Б.Убаев форум аясында қабылданған тұғырлы құжаттарға қатысты пікірлерін білдіріп, имам тұлғасы мен міндетін айқындап, қоғамдағы көптеген мәселелерді шешу жолында жүйелі жұмыс жасауына мүмкіндік беретінін жеткізді.

Сонымен қатар, бас имам жақында ғана өз жұмысын бастаған ҚМДБ-ның төл басылымы «Мұнара» газетімен таныстырды.

Жиын соңында аймақтық форум өткізу жоспары талқыланып, мүфтият тарапанынан келген тапсырмалар мен насихаттау жұмыстарының жүзеге асырылуын тапсырды.