
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекеменің №4 оңалту орталығында Мәуліт мерекесіне арналған рухани-мәдени іс-шара өткізілді.
Шара барысында қазақы дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Дастархан басында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ көркем мінезі, адамгершілік қасиеттері мен өнегелі өмірі туралы тағылымды насихат айтылды.
Сонымен қатар қазақы жыр-термелер орындалып, ұлттық құндылықтар дәріптелді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

1