
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылында көпбалалы жанұяға баспана кілті табысталды.
Жалдамалы пәтері өртке оранып, үйсіз жүрген мұқтаж жандарды қуантқан игі шараға мешіт имамдары мен ауыл тұрғындары қатысып, ақсақалдар бата-тілектерін білдірді. Қоныстоймен құттықтай келген халыққа дастарқан жайылып, ас берілді.
Жанашыр азаматтар мен ауыл тұрғындарының демеушілігімен сатып алынған үй тұрмыстық жиһаздармен толық жабдықталған.
Айта кетейік, бұл – ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында сыйланған 692-баспана кілті.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі