ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/28/2026 1

АҚМЕШІТ-СЫРДАРИЯ МЕШІТІНДЕ ПӘТУА САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде кезекті пәтуа сағаты ұйымдастырылды.
Кездесу барысында уақытша неке (азаматтық неке) мәселесі кеңінен түсіндіріліп, оның шариғат талаптарына сай келмейтіні айтылды. Сонымен қатар, шариғатқа сәйкес қиылған дұрыс неке мен азаматтық некенің айырмашылықтары жан-жақты түсіндіріліп, жамағаттың сауалдарына жауап берілді.
Айта кетейік, жамағаттың діни сауатын арттыруға бағытталған пәтуа сағаттары өңір мешіттерінде апта сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі