ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/25/2021 73

“АҚЫРЕТКЕ ИМАН” ТАҚЫРЫБЫНДА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен  бастау алған уағыз-насихат жұмыстары мен дәріс-сабақтар Сыр мешіттерінде жүйелі жүргізіліп келеді. Соның бірі ақида пәні бойынша онлайн не офлайн форматтағы дәрістер.

Кезекті сабақты “Айтбай” мешітінің наиб имамы А.Жұбанов жүргізіп,  Қызылорда қалалық “Мүсірәлі ата” мешітіне жиылған жамағатқа «Ақыретке иман» тақырыбында насихат айтты. Тақырып аясында маңызды мәселелерге тоқталып, тыңдаушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі