ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/18/2020 93

Абдуғаппар Сманов Сырдария ауданында болды

Қызылордаға арнайы іс-сапармен келген белгілі теолог, «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры, Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Абдуғаппар Сманов Сырдария ауданы жұртшылығымен кездесті.

Абдуғаппар Шәкірұлы аудан орталығы Тереңөзек кентінде аудан халқына және қалалық «Нұр» мешітінде қала жамағатына отансүйгіштік, көркем мінез, дінді көркем насихаттау, бауырмалдық, бейбітшілік пен тұрақтылық, жат ағым жетегінде кетудің зардаптары тақырыптарында уағыз-насихат айтты.

Абдуғаппар Смановтың мұның алдында Қызылордадағы «Ақмешіт-Сырдария», «Айтбай», «Нұр» және Талсуат ауылындағы «Ерназар Мақсұм» мешіті жамағатымен жүздескенін хабарлаған болатынбыз.