ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/22/2025 77

«АДАЛ ЕҢБЕК – РУХАНИ БАЙЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ» СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі студенттерімен кездесу өткізілді.
Іс-шараға ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері – «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, философия докторы (PhD) Дәулет Омаров, «Мырқы қажы» мешітінің имамы Айтжан Жексенов арнайы қатысты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда атап көрсеткен «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, кездесуде қазіргі таңда жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен артықшылықтарын туралы айтылды. Қоғамда әділдік, жауапкершілік және өрлеу құндылықтарын орнықтырудың маңызына ерекше назар аударылды. Осыған орай кездесуде бес кеселмен күресу, барлығымыздың бірігіп жасайтын жұмысымыз екенін, лудомания, вандализммен куресу ортақ мүддеміз екенін атап көрсетті.
Кездесу соңында колледж оқытушылары мен студенттері өз ризашылықтарын білдірді.