ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/06/2019 274

АЙША КЕҢЕСБАЙ СЫР СҰЛУЛАРЫМЕН СҰХБАТТАСТЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде исламтанушы-журналист, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз хатшысы Айша Кеңесбай Сыр сұлуларымен кездесті.

Кездесуде өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы жиналғандарға рухани болмысымызды сақтап, ата-дәстүрімізді жалғастыру жолында, қоғам тыныштығын сақтап, ұлт тәрбиелеуде әйел адамның атқарар рөлі маңызды екенін атап өтті.

А.Кеңесбай қазіргі қоғамдағы әйел мәртебесі мен келбетіне тоқталып, еңбекқорлық пен білім ізденушілікке, имандылыққа, адамгершілікке шақырушы мейірімділіктің бастауы екендігін түсіндірді. Әйел адам өзінің жақын жандардың жанашыр көмекшісі, қолдаушысы екенін ұмытпай, өзін рухани жан-жақты дамытуда, білім ізденуде ықыластылық таныту керектігін, нәзік болмысын сақтай отырып, заман талабына сай білімдер мен өнерді меңгеру арқылы қабілеттілікті арттыру, үнемі даму үрдісінде жүру қажеттігін алға тартты.

Кездесу соңы сұрақ-жауап, өзара пікір алмасу, тақырып аясында ұсыныстар білдірумен аяқталды.