ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/20/2026 2

АЙТ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қасиетті Ораза айт мерекесінде қызылордалық имамдар Қарттар үйіне арнайы барып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бұл игі шара – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің, адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі болды.
Нақтырақ айтсақ, Қызылорда қалалық «Нұр», «Мырқы қажы», «Хазрет Осман», «Алдажар жаме», «Мубарак», «Қарауылтөбе» және «Ерназар Мақсұм» мешіттерінің қызметкерлері қарияларға айт мерекесіне орай сыйлықтар тарту етіп, жылы лебіздерін жеткізді. Кездесу барысында ақсақалдар мен әжелер ақ баталарын беріп, шынайы ризашылықтарын білдірді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай игі істер арқылы қоғамда қамқорлық пен жанашырлық қасиеттері нығайып, ұрпаққа үлгі болатын тағылымды тәрбие беріледі.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі