ҚМДБ-ның Қызылорда облысы, Арал ауданы “Арал аудандық орталық” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен “ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАРШЫЛАРЫ” атты спорттық сайыс өтті.
Жарысқа мешіт жамағатынан жасақталған 8 команда қатысып, “ШАҒЫН ФУТБОЛ”, “ГІР КӨТЕРУ”, “АРҚАН ТАРТЫС”, “ҚОЛ КҮРЕС” сынды спорт түрлеріне күш сынасты.
Нәтижесінде жүлделі орын алған командаларға ”Арал аудандық орталық” мешітінің Бас имамы Қабылғазиев Қайырхан алғыс хаттар мен қаржылай сыйлақтар табыстады.
Шара соңында қатысқан командалар науқас жанның еміне арнап 100,000тг көлемінде қайрымдылық көмек көрсетті.